Ресей ТМД елдерін стратегиялық серіктес санайды. Бұл туралы бүгін Ресей президенті Владимир Путин Мәскеуде Достастық елдері басшыларының саммитінде айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Путин ТМД елдерін дос санайтынын айтты."Біз үшін ТМД елдері – біздің ең жақын көршіміз, досымыз, стратегиялық серіктесіміз. Біз ынтымақтастықты жан-жақты нығайтуға бейілдіміз, Ресейдің 2024 жылғы төрағалық тұжырымдамасы осыған бағытталған", - деді ол.
Сонымен қатар, Ресей президенті Достастықтағы әріптестеріне бірлескен жобалар мен іс-шараларға белсенді қатысқаны үшін алғысын білдірді.
"Әрине, біз экономикалық мәселелерге және ТМД елдеріндегі сауда-инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту перспективаларына үлкен көңіл бөлеміз", - деп толықтырды Путин.
Путин елдерде "өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, қаржы және инфрақұрылым салаларында жаңа, ірі, өзара тиімді жобаларды іске қосуға барлық мүмкіндік бар" деп сенім білдірді.
The Kazakh judoka who was named "Miss Europe" explained why she bit her opponent during the competition
The number of antelope in the country will be reduced by 80,000, and permission will be given to shoot them