Қазақстанда изоляторда болған төрт қарақалпақ белсендісі АҚШ-қа ұшып кетті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Ферғана агенттігінің мәліметінше, азаматтық белсенділер Жанғылды Жақсымбетов, Тілеубике Юлдашева және Райса Құдайбергенова Өзбекстанның экстрадициялық талаптары бойынша Алматыдағы тергеу изоляторында шамамен бір жыл өткізген. Кейіннен олар отбасымен бірге шетелге ұшып кетті. Оларға АҚШ-тан саяси баспана берілген.
Топтың бір мүшесі Зиуар Мирманбетованың ұшу уақыты құжаттарын рәсімдеудегі кідіру себебінен кейінге қалдырылды.
Одан өзге Қошқарбай Төреуратов қазіргі уақытта Польшада саяси баспана сұрау туралы шешім күтіп отыр.
Related news
The new mayor of Astana announced the deadlines for the completion of the LRT construction in the capital
There is no information about the participation of citizens of Kazakhstan in the war in Ukraine - MFA