Алматыда бір қабатты кафе өртеніп кетті

1098
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/05/img_6146-960x500.jpeg?token=19a41533c1bcac5ae26c22db76f0a4e6
Бүгін сағат 12 шамасында Алматыдағы Мақатаев көшесіндегі кафе өртенді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы. ТЖД күштері бұл жерге қоңырау шалғаннан кейін бес минутта келген. Түтіннің сорғыштан шыққаны анықталды. Өрт сөндірушілер ғимараттың шатырын ашты. Сағат 12: 52-де өрт оқшауланып, 13:18-де, 280 шаршы метр аумақта толығымен жойылды. Құтқарушылар ғимараттан үш оттегі цистернасын алып шықты. Кафе әкімшілігі ішінде келушілер жоқ екенін хабарлады. Бүгін Қарағанды облысының Саран қаласында да өрт шығып, ТЖМ құтқарушылары 3 баланы эвакуациялаған болатын.
Comments