Анкарадағы атыста қазақстандықтар зардап шеккен жоқ - СІМ

2577
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/32e849b3-b410-43fb-9e8e-d3143cd49683-960x500.jpeg?token=151597e66885eb04c69c538707184448
Түркия астанасы Анкара қаласында лаңкестік әрекет жасалған. Атыс салдарынан құрбан болғандар мен жараланғандар бары айтылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Еліміздің Сыртқы істер министрлігінен Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігі туралы сұраған едік.
«Қаза болғандар мен зардап шеккендердің арасында біздің азаматтар жоқ», - деп жауап берді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.
Айта кетейік, 23 қазан күні Түркияның Анкара қаласында әскери ұшақтар мен ғарыш техникасын шығаратын TUSAŞ корпорациясы ғимаратының жанында атыс болды. Теракт салдарынан 4 адам қаза тауып, тағы 14 адам жарақат алғаны айтылған.
Comments