«Сапалы өнім» жобасын іске қосылды

3405
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/10/photo-output-36.jpeg

Өткен жылы Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрлігі «Сапалы өнім» жобасын іске қосты. БҚО сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Эльмира Киматованың айтуынша, жоба тұтынушыларды қорғау жөніндегі үкіметтік емес секторды, жергілікті атқарушы және өкілді органдардың, сондай-ақ кәсіпкерлік қоғамдастық тың өкілдерін отандық өндірушілермен тұтынушыларды қауіпті және сапасыз өнімдерден қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі жалпыұлттық мүдделерді іске асыруға тарту, парасатты бәсекелестікті дамыту үшін жағдайлар жасауды көздейді.

Аталған жобаны іске асыру мақсатында Үкіметке және мемлекеттік органдарға, «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасына ішкі нарықты және отандық өндірушілерді қорғауға бағытталған сауда саясатында реттеуші шараларды әзірлеу тапсырылды.

Жоғарыда аталған іс-шараны іске асыру мақсатында Батыс Қазақстан облысының қоғамдық даму басқармасы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Азаматтық қоғамды дамыту жағдайында тұтынушылардың құқықтарын қоғамдық бақылауды және қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру» тақырыбында жоба бойынша конкурс жариялады. Байқау жеңімпазы «Батыс Қазақстан облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы» қоғамдық бірлестігі болып танылды, Бірлестік төрағасы  Дарина Телагисова іс-шараларды жүзеге асырады.

БҚО сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Эльмира Нұрқызы  жобаға Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғаудепартаментімен қоғамдық бірлестіктен басқа, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, Техникалық реттеу және метрология департаменті, Қоғамдық даму басқармасы сияқты мемлекеттік органдар тартылғанын жеткізді. Осы жоба шеңберінде мемлекеттік органдармен бірлестіктердің жұмыс алгоритмі жасақталған.

Қоғамдық бірлестік қаланың сауда объектілерінде тамақ өнімдерін сатып алуды жүргізеді, содан кейін өнім зерттеу хаттамаларын алу үшін сараптама орталығының филиалдарына тапсырылады.

Әрі қарай, зерттеу хаттамаларын бірлестік Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жібереді. Мемлекеттік орган өнімнің әр түрлі көрсеткіштер бойынша белгіленген стандарттарға сәйкес келмеуі болған кезде хаттамалармен қоса ақпарат санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне, Техникалық реттеу және метрология Комитетінің департаментіне жіберіледі.

Мұнда әрбір мемлекеттік орган өз құзыреті шеңберінде іс-шараларды пысықтайды, мәселен санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары сатушыларды әкімшілік жауапкершілікке тартады, Техникалық реттеу органдары – тамақ өнімдеріне арналған декларациялардың күшін жою бөлігінде.

–  Жоба аясында қанша сынама алынғаны және қандай нысандарда қандай бұзушылықтар анықталғаны туралы қоғамдық бірлестіктің төрағасы айтып береді. Барлық дерлік сауда объектілерінде жарамдылық мерзімі өткен тамақ өнімдерінің болуы анықталғанын  атап өткім келеді. Осыған байланысты кәсіпкерлік субъектілеріне жүгінемін,  жарамдылық мерзімі өткен тамақ өнімдерін сату заңнама талаптарын өрескел бұзу болып табылады. Сауда объектілерінің басшылығы тауарлардың өткізілуіне бақылауды күшейтуі, жарамдылық мерзімі өткен өнімдерді сауда сөрелерінен уақтылы алып тастауы қажет. Осы жоба шеңберінде бірлескен жұмыс ағымдағы жылдың соңына дейін жүргізілетін болады. Жоба арқылы кәсіпкерлік субъектілерінің назары осы мәселеге тартылады және біздің сауда объектілерінде техникалық және санитарлық регламенттердің талаптарына сәйкес келетін тамақ өнімдері іске асырылатын болады деп үміттенеміз, – дейді басқарма басшысы.

 

Comments