"Спорт - біздің серігіміз!" спартакиадасы өтті

1058
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/11/f75c56d5-05a6-4b10-af62-45b8cb5ac0bc.jpeg
Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен “17 қараша - Халықаралық студенттері күні” қарсаңында ОАОО студенттері арасында өткен «Спорт – біздің серігіміз!» атты спартакиада өз мәресіне жетті. Жабылу салтанатында Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің басшысы Бектаев Ернар Нұралыұлы сөз сөйлеп, жеңімпаздарды құттықтады. “Бұл спартакиада – спортты насихаттаудың жарқын үлгісі. Қатысушылардың ынта-жігері, спортқа деген құштарлығы ерекше болды. Барша жеңімпаздарды құттықтаймын және жастарымызды алдағы уақытта да осындай белсенділік танытып, жоғары жетістіктерге жете беруге шақырамын,” – деді Ернар Нұралыұлы. Шара барысында қатысушылар спорттың төрт түрінен сынға түсіп, өз шеберліктерін көрсетті. Қорытынды бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды: • 1-орын – 150 000 тг. “Түркістан жоғары көпсалалы, қолөнер колледжі” (Түркістан қаласы); • 2-орын – 100 000 тг. “Д.Қонаев атындағы аграрлық-техникалық колледж” (Сайрам ауданы); • 3-орын – 75 000 тг. “Ерқанат Тәңірбергенов атындағы Түркістан индустриалды-техникалық колледжі” (Түркістан қаласы). Сонымен қатар, жекелей марапаттар табысталды: • Үздік ойыншы – Қалданбек Айдос; • Үздік шабуылшы – Өмірзақ Нұрсәт. Жарыстың мақсаты: • Салауатты өмір салтын насихаттау арқылы жастардың денсаулығын нығайту; • Әртүрлі оқу орындарының студенттері арасында достық қарым-қатынасты арттыру; • Жастардың спортқа деген қызығушылығын оятып, олардың шеберлігін шыңдау. Бұл спартакиада жастар арасында достықты, бірлікті нығайтып, салауатты өмір салтын дәріптеуде үлкен үлес қосты.
Comments
Other materials