Уақыт белдеуінің әсерін зерттеу үшін 100 млн теңге бөлінбекші

1169
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/chasy_335246a709-960x500.jpeg?token=1a667b94f52be44a84afa8ed71f22bf9
Үкімет Қазақстанның уақыт белдеуінің ел тұрғындарына әсерін зерттеуге 100 млн теңгеден астам қаржы жұмсамақ. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.  Министрдің айтуынша, бүгінгі күні зерттеу үшін 160 миллион теңгеге өтінім түскен. Бірақ қаражат 90-100 миллион теңгеге дейін қысқаруы мүмкін. Жуырда өткен Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның отырысы өткен. Енді конкурс жарияланады. Ұлттық ғылыми кеңес зерттеудің нақты құнын анықтайтын болады. Саясат Нұрбек бұл зерттеуге жұмсалатын қаражаттың босқа кетпейтінін атап өтті. "Қоғамдық сұраныс болды, сондықтан біз жауап беруге мәжбүрміз. Денсаулық сақтау министрлігі толық қолдау білдірді, ал біз грант бөлетін ұйым ретінде бұл жобаны қолдадық”, - деді Саясат Нұрбек.
Comments