Ресейде қазақ мектептері қашан салынады?

1264
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/11/7344f420-f15a-4c04-98b4-53a951c90c72-960x500.jpeg?token=163cbb22642484c354c09c9deabf4c36
Ресейде қазақ мектептері қашан салынады? Бұл сұраққа Үкіметте баспасөз мәслихатын өткізген оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жауап берді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. «Басты мақсат — қазақ бауырларымыз көп шоғырланған жерлерде мектеп соғу. Бұл біршама уақыт алады. Өйткені келісімшартқа қол қою, одан кейін оның қаржысын шешу, ол мектептің құрылысын, қандай болатынын анықтау біршама уақытты қажет етеді», — деді ол. Естеріңізге сала кетейік, Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанның оңтүстік аймақтарында орыс мектептері ашылатынын бірнеше рет айтты. Ол Ресейде ашылатын қазақ мектептері туралы мүлдем сөз қозғамады.
Comments