Трамп АҚШ-та дүниеге келген шетелдік сәбиге азаматтық беруді тоқтатпақ

1234
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/09/tramp-960x500.jpeg?token=b1ddaa39cd398f12f8315f516b65b5f3

Араға бір мерзім салып, АҚШ президенттігіне қайта сайланған Дональд Трамп билікке келген соң АҚШ-та дүниеге келген шетелдік сәбиге азаматтық беруді тоқтатуға ниетті екенін жеткізді. Бұл туралы ол NBC News-ке берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Біз бұл тәжірибеге нүкте қоюымыз керек. Себебі ол тым күлкілі»,- деді басшы.

Трамп АҚШ Конституциясындағы 14-бапты түзетуді қалай жоспарлап отырғанын нақты атап өтпеді. Алайда оны мүмкін болса, «атқарушы әрекет арқылы» жасайтынын айтты. Сондай-ақ АҚШ-қа бала кезінде келген құжатсыз иммигранттардың елде қалуын қамтамасыз ететін заң қабылдау үшін демократтармен жұмыс істеуге ашық екенін мәлімдеді.

Еске салайық, бұған дейін Трамп құжатсыз жүрген мигранттарды Америкадан шығару үшін әскер күшін пайдаланатынын хабарлаған еді.

Қазіргі таңда «Топырақ құқығы» қағидаты бойынша осы елдің топырағында дүниеге келген кез келген сәбиге АҚШ азаматтығы беріліп келеді.
Comments