Түркістан облысынан жасырын алкоголь цехтары анықталды

1102
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/12/policziya-kөligi-960x500.jpg?token=6126ce0faa44f46978476eb078b4846b
Түркістан облысында белгілі арақ брендтерін қолдан жасаған үш ірі жасырын цех анықталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы аймақ прокуратурасына сілтеме жасап. Қадағалау органы мәліметінше, экономикалық тергеу департаментімен бірлесіп жүргізілген арнайы шаралардың нәтижесінде Келес, Төлеби аудандарында және Түркістан қаласында үш ірі жасырын цех анықталып, жойылған. «Нәтижесінде 31 920 қымбат бағалы бөтелке жалған алкоголь тәркіленді. Заңсыз өнімнің нарықтық құны 170 миллион теңгеден асады», – делінген хабарламада. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 233-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Comments