«Біз достас елдердің мектептері үшін оқулықтарды өз қаражатымызға басып шығарамыз. Мысалы, Тәжікстанның Бохтар қаласындағы Михаил Ломоносов атындағы орыс-тәжік мектебінде «Тәжік халқының тарихы» пәні оқытылады. Бұл оқулық Ресей бюджетінен қаржыландырылды. Алайда, оның ішінде «Ресейдің Орта Азияны оккупациялауының аяқталуы» және «Оккупациядан кейінгі жағдай» деген тақырыптар бар. Мұндай мазмұнды қалайша қабылдауға болады?» – деп сұрады Миронов.Мәскеудегі мемлекеттік думада өткен отырыста депутат бұл мәселені шешуді ұсынды. Оның айтуынша, шет мемлекеттердегі мектеп бағдарламалары мұқият бақылануы керек. Сондай-ақ, Бохтар қаласында лаңкестік әрекетке қатысы бар деп танылған адам дүниеге келгені хабарланды. Ол Ресейдегі терактіге қатысы бар деген күдікпен ұсталған болатын. Бұл жағдай орыс-тәжік мектебінің маңыздылығын арттырғанымен, оның мазмұнына деген сұрақтарды күшейтуде. Ресей мен Тәжікстан қарым-қатынастарын нығайтуға бағытталған Михаил Ломоносов атындағы бұл мектеп ресейлік білім беру стандарттарына сәйкес жұмыс істейді. Мәліметтерге сүйенсек, оқулықтарда Ресейдің Орталық Азияға басып кіруі, оккупация және антиколониялық күрес туралы ақпарат қамтылған. Бұл мәлімдеме ресейлік депутаттардың наразылығын тудырды. Мироновтың айтуынша, мұндай жағдай Ресейдің халықаралық беделіне нұқсан келтіруі мүмкін. Бұл мәселені шешу үшін Мәскеу жаңа шараларды қолға алуды жоспарлап отыр. Бохтар қаласындағы М.В.Ломоносов атындағы жекелеген пәндерді тереңдетіп оқытатын орта жалпы білім беретін мектеп 2009 жылдан бері жұмыс істейді. Мектеп Ресей-Тәжікстан мемлекеттік бюджетінен
«Бұл ешқандай да жаңалық емес. Бұрын да ондай жұмыстар атқарылды, алайда пандемия кезінде уақытша тоқтатылған болатын. Бұндай келісім Ресеймен ғана емес, басқа елдермен де бар. Былайша айтқанда, баяғыдан қолданылып келе жатқан практика ғой. Бізде тарихшылардың түрлі ассоциациясы бар. Негізгі мақсат — бір-бірімен пікір және құжат алмасуына жағдай жасау. Еуропа елдерінің тарихшыларымен де жекелеген жұмыс топтары бар. Бұл еліміздің тарихын өзге елдің ғалымдары жазады деген сөз емес. Кейбіреулер әдейі араңдату мақсатында осындай пікір қалдырады. Біз өз тарихымызбен өзіміз айналысып жатырмыз, оны ашық айту керек. Президент тапсырмасы бойынша Қазақстан тарихының 7 томдығы дайындала бастады. Оған 250 отандық тарихшы жұмылдырылды. Биыл ол жұмыстың негізгі бөлігі аяқталды», - деген Ерлан Қарин.