Әзербайжан ресми түрде Ресейдің «Россотрудничество» агенттігінің ел аумағындағы қызметін тоқтату туралы нота жолдады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Report агенттігіне сілтеп.
«Россотрудничество» басшысы Евгений Примаковтың айтуынша, Әзербайжан тарапы Ресейдің мәдени және ақпараттық орталығы – «Орыс үйі» заңды тұлға ретінде тіркелуі тиіс екенін мәлімдеген. Сонымен қатар, мекеме бір жарым ай ішінде жалға алып отырған ғимараттан шығуы қажет, себебі ғимарат иесі оны жедел түрде сатуға шешім қабылдаған.
"Біз басқа ғимаратты жалға алу туралы келіссөздер жүргіздік, бірақ оның иесі әлі нақты шешім қабылдаған жоқ", – деді Примаков.
Ақпарат көздерінің хабарлауынша, ресми Баку ұлттық мүдделерін қорғау саясатын жалғастырып, сыртқы ықпалдарға жол бермейтінін көрсетуде.
"Біздің ел шетелдік көмекті қажет етпейді. Әсіресе, күмәнді схемалар арқылы көрсетілетін және барлау сипатындағы құрылымдармен байланысты көмекті қабылдауға ниетті емес", – деп атап өтті Report.
Айта кетейік, бұған дейін Әзербайжан америкалық USAID агенттігінің қызметін де тоқтату туралы шешім қабылдаған болатын.
Related news
Citizens with different points of view will be given the opportunity to come to power," Tokayev distributed Mazhilis
Attack in Lebanon. The Ministry of Defense provided an update on the condition of Kazakh peacekeepers
