Рекорд орнатпақ. Маңғыстауда ұлттық киім фестивалі өтеді

2059
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2019/03/NAURYZ-MEREKE-960x500.jpg?token=daa2033ecf8d082f137cb8afdf51d3bf
22 наурыз – Ұлыстың ұлы күнінде Ақтауда қазақ халқының ұлттық киімі мен салт-дәстүрін әлемге таныту мақсатында ауқымды фестиваль өтеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Маңғыстау облысының әкімдігі таратқан ақпаратқа сәйкес, "Kazakh Record" фестиваліне 5000-нан астам адам қатысады деп жоспарлануда. Шара аясында қазақтың ұлттық киімін Гиннес рекордтар кітабына енгізу үшін халықаралық комиссия мүшелері арнайы Ақтауға келеді. Фестивальдің мақсаты - қазақтың ұлттық киімін насихаттау, тарихи мұра мен мәдениетті дәріптеу, жастардың патриоттық рухын көтеру мен қазақы салт-дәстүрді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу. "Ұлттық құндылықтарды әлемге паш еткісі келетін барша қазақстандықты Kazakh Record фестиваліне шақырамыз!" – делінген әкімдік хабарламасында. Айта кетейік, бұған дейін Көкшетауда Наурыз мейрамына орай "Кимешек шеруі" ұйымдастырылатыны белгілі болған.
Comments