Атырауда Қазақстан туын өзгертумен байланысты әлеуметтік желіде тараған даулы фотосуретке қатысты күдіктілер анықталды. Құқық қорғау органдары бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, суреттегі төрт күдікті анықталып, полиция бөліміне жеткізілген. Тергеу құпиялығына байланысты қосымша ақпарат жарияланбайды.
Даулы фотода бет-жүзін тұмшалаған бірнеше адам Қазақстан туын ұстап тұрғаны, алайда оның жоғарғы бөлігіне Сауд Арабиясының туының элементтері қосылғаны байқалған.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, мемлекеттік рәміздерді қорлау 3 000 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейінгі (2025 жылы 11 796 000 теңге) айыппұл салуға немесе 900 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі жылға дейін бас бостандығынан айыруға әкеп соғуы мүмкін.
Қазіргі таңда құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтауда.
Related news
KASYM-ZHOMART TOKAYEV: The thermal power station of the capital is managed by a lawyer, the thermal transit is managed by an agronomist, and the city water channel institution is managed by a zootechnician.
