Астанадағы Талдыкөлде екі баланың суда жүзген аққуларға бірнеше рет тас лақтырған сәті бейнежазбаға түсіп, әлеуметтік желілерде кеңінен тарады. Бұл оқиға көпшіліктің ашу-ызасын тудырып, балалардың әрекетін қатаң сынға алды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Желі қолданушылары балалардың мұндай әрекетін жануарларға қатыгездік деп бағалап, олардың ата-аналарын жауапкершілікке тарту қажеттігін алға тартты. Көпшілік бұл
жағдайды балалардың тәрбиесіне қатысты мәселелердің көрінісі ретінде қабылдады.
Астана қаласының полиция департаменті аталған бейнежазбаны тексеріп жатқанын хабарлады. Құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап, тиісті шаралар қабылдауға уәде берді.
Айта кетейік, бұған дейін де Талдыкөлде аққулардың мұз құрсауында қалып қойғаны туралы жағдайлар тіркелген болатын.
Other materials
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз