Байқоңыр - адамзаттың алғашқы ғарыш қақпасы. 12 сәуір - Ғарышкерлер күні

2082
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/03/432312300_7272857049459037_9035791722732990154_n-960x500.jpg?token=44b152026e70a3e6aa22dfe1cf3c1402
12 сәуір – Дүниежүзілік авиация және ғарышкерлер күні. Осы күнде адамзат алғаш рет Жер атмосферасынан шығып, ғарышты бағындыруды бастады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Ғарышқа жол Байқоңырдан басталған 1955 жылы КСРО-да алғашқы баллистикалық зымырандарды сынақтан өткізу үшін қолайлы орын ізделді. Таңдау Қазақстанның Қызылорда облысына түсті. Себебі бұл аймақ кең, адам аз қоныстанған және климаттық жағдайлары тиімді еді. 1957 жылы 4 қазанда Байқоңырдан алғашқы жасанды жер серігі – "Спутник-1" ұшырылды. Ал 1961 жылы 12 сәуірде осы жерден Юрий Гагарин алғаш болып ғарышқа аттанды. Бүгінгі Байқоңыр Қазіргі таңда Байқоңыр – 15 ұшыру кешені бар, ғарышқа түрлі зымырандар ұшыруға қабілетті әлемдегі ең ірі ғарыш айлағы. Мұнда "Союз", "Протон", "Зенит", "Циклон" секілді зымырандар мен "Луна", "Марс" сияқты автоматты станциялар ұшырылған. 2025 жылдың 8 сәуірінде Байқоңырдан соңғы рет "Союз МС-27" кемесі ұшырылды. Оның бортында ресейлік ғарышкерлер Сергей Рыжиков пен Алексей Зубрицкий және NASA астронавты Джонатан Ким бар. Олар Халықаралық ғарыш станциясына бет алған. Қазақстандық ғарышкерлер 1991 жылы 2 қазанда Тоқтар Әубәкіров ғарышқа алғаш ұшқан қазақстандық болды. Ал 1994–2001 жылдар аралығында Талғат Мұсабаев үш мәрте ғарышқа ұшып, ашық ғарышта ең ұзақ болғаны үшін Гиннестің рекордтар кітабына енді. 2015 жылы 2 қыркүйекте Айдын Айымбетов ғарышқа ұшып, 10 күн бойы ХҒС-та жұмыс істеді.
Comments