Үш апта бұрын оқ жарақатын алған кәсіпкер, Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің ауруханадағы фотосы пайда болды. Фотоны белгілі кәсіпкер Марғұлан Сейсембай Facebook-парақшасында жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Палатадағы кереуетте жатқан Берденовпен белгілі кәсіпкер Марғұлан Сейсембаев суретке түскен.
Кәсіпкердің айтуынша, Шымкентке сапары барысында ол қазір Руслан Берденов жатқан ауруханада болып, жараланған әкім орынбасарына барды. Айтуынша, Берденов өзін жақсы сезініп, айығып жатыр.
"Руслан Берденов – өзім танитын және оның адалдығы үшін сыйлатын жалғыз саясаткер. Жақында оған қастандық жасалды, бірақ, Құдайға шүкір, ол аман қалды. Қазір оның денсаулығы жақсы, көңіл-күйі көтеріңкі. Бәрі ойдағыдай болғанына
өте қуаныштымын!" — деп жазды Марғұлан Сейсембаев. Еске салсақ, 21 сәуір күні сағат 20:30 шамасында Шымкент әкімдігі ғимаратының жанында қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қарулы шабуыл жасалған болатын. Шенеунік жамбасы мен иығынан оқ жарақатын алып, ауруханаға жатқызылды. Берденовке төрт сағат бойы ота жасалған. Дәрігерлеи оның өміріне қауіп жоқ екенін айтты. Полицейлер күдікті Ернар Жиембайды ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Ол Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-бөлігі (Қылмысты істеуге оқталу) және 99-бабы 2-бөлігінің 6-тармағы (Басқа адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен жасалған кісі өлтіруге оқталу) бойынша тергеліп жатыр.