Шерзат ісі. Айыпталушылардың бірі сотта өз әрекетін түсіндірді

1646
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/whatsapp-image-2025-05-15-at-16.17.21-960x500.jpeg?token=6d8c499867436b56a97d419424cf699e

Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 2023 жылы 4 қазанда болған жанжал кезінде 16 жастағы Шерзат Полаттың қаза табуына байланысты іс бойынша сот процесі жалғасып жатыр. Істе бірнеше адам айыпталушы ретінде жауап беруде, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Қазақпаратқа сілтеп.

Сот отырысында негізгі фигуранттардың бірі — Нұрбол Тоқтаубаев жауап беріп, сол түні болған оқиғалар жайында егжей-тегжейлі баяндады. Оның айтуынша, оқиға алдында ол достарымен «Эйфория» кафесінде отырған. Кейін Дархан Әскентай есімді танысынан қоңырау келіп, "Қамажай" дүкеніне келуін өтінген.

«Дүкенге барғанда Дарханның бетінен қан ағып тұрды. Ол “дүкеншінің баласы ұрып кетті” деді. Мен дүкенге кіріп, Қаржаубаймен сөйлестім. Ол жағдайды әртүрлі түсіндірді. Ақыры 1,5 мың теңге артығымен төлеп, досым үшін кешірім сұрап, кетіп қалдық», – деді Тоқтаубаев.

Алайда ол кейін жолда Дарханның оқиғаның мән-жайын толық түсіндірмегенін естіп, дүкенге қайта оралуды жөн көргенін айтты. Оның сотта айтқанын сөзінде, сол жерде қақтығыс өршіп, Қаржаубай «менімен немесе баламмен шық» деп сес көрсетіп, пышақ тақап қорқытқан. Бұдан кейін жағдай шиеленісіп, Нұрбол бауырларын шақырғанын айтты.

«Қарсы тарап телефон арқылы адамдар шақырды. Артынша төбелес басталды. Мен дүкен ішінде болдым. Сол жерде Нұрқанат мылтықпен екі рет атты – біріншісі аспанға, екіншісі жерге. Өзім тек Нұрқанатты бір-екі рет тепкенімді мойындаймын. Шерзат жаққа бармадым, арақашықтық 4-5 метр болды», – деп түсіндірді айыпталушы.

Сонымен қатар, Нұрбол Тоқтаубаев әлеуметтік желіде таралған бейнежазбаларға қатысты да пікір білдіріп, өзінің сабырға шақырып жүргенін, ешкімді арандатып немесе төбелеске итермелемегенін алға тартты.

Сотта куәгер түсірген Шерзат пен Нұрқанаттың соққыға жығылған сәті де көрсетілді. Тоқтаубаев бұл видеодағы өзінің іс-әрекетін мәжбүрлі қадам деп атады. Адвокаттардың сұрағына жауап бергенде, ол Шерзаттың 16 жаста екенін білмегенін, сондай-ақ марқұмның анасы – Гүлбара Бишімбиеваның оны тоқтатуға әрекет етпегенін де атап өтті.

Comments