Ақтаулық шахматшы еліміздегі ең жас халықаралық гроссмейстер атанды

900
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/snimok-ekrana-155-960x500.png?token=e5b243aea51da3a874d3f7d6cc3c6d45
Ақтаулық шахматшы Эдгар Мамедов еліміздің ең жас халықаралық гроссмейстері атанды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Эдгар Мамедов 14 жасында Қазақстанның жаңа рекордын орнатты. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Қоғамдық коммуникация орталығы мәлімдеді. «Эдгардың үш гроссмейстерлік ұпайы мен ФИДЕ рейтингі 2492 болды, қажетті 2500 ұпайға жету үшін небәрі 8 ұпай жетпей қалды. Sharjah Masters International Chess Championship 2025 — A супертурнирінде Эдгар алғашқы екі турды сенімді түрде өткізіп, жетпейтін баллдарын жинап, ресми түрде гроссмейстер атанды», — делінген хабарламада. Эдгар Мамедов — 14 жасында GM (халықаралық гроссмейстер) атағын алған Қазақстанның алғашқы шахматшысы.
Comments