Трамп пен Путин екі сағат сөйлесті

1108
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/06/telefon-960x500.jpg?token=d7b430f138c68e5c871287a6c84859d2
АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескеннен кейін Ресей мен Украина соғысты толық аяқтау туралы келіссөзді бастайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.  «Владимир Путинмен жаңа ғана әңгімем аяқталды. Бұл өте жақсы өтті деп есептеймін. Ресей мен Украина атысты тоқтату туралы келіссөздерді бірден бастайды, және одан да маңыздысы – соғысты толықтай тоқтату жайлы сөйлесетін болады. Келіссөз шарттары екі тарап арасында талқыланады — бұл дұрыс, себебі тек солар ғана келіссөз үдерісін нақты  біледі. Ресей бұл қасіретті «қанды қырғын» аяқталғаннан кейін АҚШ-пен ауқымды сауда байланысын орнатқысы келеді. Мен бұл идеяны қолдаймын. Ресейде жұмыс орындарын ашуға және әл-ауқатты арттыруға зор мүмкіндік бар. Оның әлеуеті — шексіз. Украина да өз елін қалпына келтіру жолында сауда қарым-қатынасының ірі бенефициары бола алады. Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер бірден басталады. Мен бұл жайлы Украина президенті Владимир Зеленскийге, Еуропа комиссиясының президенті Урсула фон дер Ляйенге, Франция президенті Эммануэль Макронға, Италия премьер-министрі Джорджия Мелониге, Германия канцлері Фридрих Мерцке және Финляндия президенті Александр Стуббқа Путинмен сөйлескеннен кейін бірден телефон арқылы хабарладым. Ватикан бұл келіссөздердің өз аумағында өтуіне мүдделі екенін Папа Римскийдің сөзінен білдік. Процес басталсын!», – деп жазды Трамп. Ресей президенті Владимир Путин АҚШ президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлескеннен кейін «атысты тоқтату және қақтығысты реттеу принциптерін қамтитын болашақ бейбіт келісімнің негізін қалау үшін Украинамен меморандум жасауға дайын екенін» айтты.
Comments