Шерзат ісі. Cудья тікелей эфирден естіліп қалған диалогқа қатысты қаулы қабылдады

1394
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/img_9374-960x500.jpeg?token=40a1190f2644527d2ccc07248e6b3e61

Талдықорғанда жасөспірім Шерзат Полаттың қазасы бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Бүгін, 22 мамырда судья Ержан Жанұзақов әлеуметтік желіде сот отырысы үзілісінде тарады делінген аудиоға байланысты жеке қаулы қабылдады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ол бейнежазбаның шынайылығын және кімдер сөйлеп жатқанын, кімге бағытталғанын анықтауды прокурорларға тапсырды.

«Басты сот талқылауы үзілісінде кезінде айтылды делінген аудиоға Алматы облысы прокурорының назары аударылсын», – деді Жанұзақов.

Сондай-ақ ол шешімді судья ғана қабылдайтынын, арандатушылық пен шуға жол жоқ екенін атап өтті.

Еске салайық, 21 мамыр күні басты айыпталушы Абзал Шынасылдан жауап алынған сот отырысында күмәнді диалог тікелей эфирге түсіп қалған еді.

Comments