117 960 теңге. Ақтаулық тұрғынға жедел жәрдемді алдағаны үшін айыппұл салынды

982
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/09/zhedel-zhәrdem-kөligi-960x500.jpg?token=7943968fbba253290797b72ecf880c88
Ақтауда 29 жастағы ер адамға жедел жәрдемді алдап шақырғаны үшін 117 960 теңге көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға 22 мамыр күні кешке 26-шағын ауданда болған. Ер адам жедел жәрдемге қоңырау шалып, көп мөлшерде дәрі қабылдағанын айтқан.

Дәрігерлер келген кезде, ол өз сөзінің жалған екенін мойындаған. Қалжың үшін жасалған бұл әрекетті сот ақша түрінде бағалады. Шақырту жалған деп танылып, азаматқа Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 438-бабы бойынша хаттама толтырылды.

Облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, арнайы қызметтерге әдейі жалған шақырту жасағаны үшін Ақтау тұрғынына 117 960 теңге көлемінде айыппұл салынған.

Comments