Әзербайжан аруы алғаш рет Гималайдағы екі бірдей шыңды бағындырды

1446
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/img_9532-960x500.jpeg?token=615fdb3ce2b369c5a7577292a7864278

Әзербайжандық альпинист Вафа Мұсаева Эверест шыңын бағындырды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Caliber агенттігіне сілтеме жасап.

Осылайша ол әлемнің ең биік шыңына көтерілген алғашқы әзербайжандық әйел атанды.

Альпинист бұл мақсатына жету үшін 8 жыл еңбектенгенін жеткізді.

«Қазір өзімді жақсы сезінемін. 8 жылдық еңбегім ақталды. Соңғы екі жыл бойы мақсатыма жету үшін белсенді дайындала бастадым. Эверест бұған дейін шыққан тауларыма мүлде ұқсамайды. Мен үшін бұл ең қиын шың болды. Жоғары қарай баратын жол ешқашан бітпейтіндей көрінді. Эверестке жетуіме дәл 35 күн кетті»,—дейді ол.

Сондай-ақ Мұсаева бұл жетістігін мақтан тұтатынын жеткізді. Альпинист Эверестке шыққаннан кейін (екі күннен соң) 8516 метр биіктіктегі Лхоцзе шыңын да бағындырды.

Comments