Екатеринбург — Сочи бағытындағы рейсте жолаушы көз жұмып, ұшақ Ақтөбеге шұғыл қонды

989
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/c323b5d9-763c-4d7d-9f83-d96819b9c488-960x500.jpeg?token=7f1cb9df356e4431cba7fcd1b4a00cf7

Екатеринбург — Сочи бағытында ұшқан Boeing-777 ұшағының жолаушысы әуеде өзін жайсыз сезініп, сол жерде көз жұмған. Оның 42 жастағы әйел екені белгілі болды. Бұл туралы Әлия Молдағұлова халықаралық әуежайы ресми парақшасында жазды, деп хабарлайды “Адырна”.

Әуежай ұжымы қаза болған жолаушының туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

“Ұшақ жерге қонған кезде шұғыл әрекет ету қызметі мен жедел жәрдем бригадасы

жетті. Өкінішке қарай жолаушыны аман алып қалу мүмкін болмады. 1983 жылы туған жолаушы ұшақ Ақтөбе әуежайына қонбай тұрып көз жұмған. Ақтөбе халықаралық әуежайы жолаушының туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Жердегі қызметпен байланысқа шығып, бірге жұмыс істеген әуе кемесінің экипажына алғысымызды айтамыз”, — деп хабарлады Әлия Молдағұлова халықаралық әуежайы.

Comments