Израиль қорғаныс күштері Сирияның Латакия провинциясындағы зымырандары бар қару қоймаларына әуе соққы жасағанын мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Хабарламада атап өтілгендей, соққы Сирия жағалауында орналасқан, халықаралық және израильдік навигация қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін артиллериялық жүйелерге арналған зымырандар сақталған нысандарға бағытталған.
"Біраз уақыт бұрын Израиль Сирияның Латакия аймағында жағалауда орналасқан және навигация еркіндігіне қауіп төндірген зымыран қоймаларына соққы жасады", – делінген ресми мәлімдемеде.
Сондай-ақ әскерилер зымырандардың "жер-әуе" типіндегі жүйелердің құрамдас бөліктерін сақтауға арналған қоймалар да нысанаға алынғанын жеткізді.
Бұл – Израильдің Сирия аумағына бағыттаған алғашқы соққысы емес. Бұған дейін, 2 мамыр күні де Израильдің әуе күштері Сириядағы бірқатар әскери нысандарға соққы жасағаны хабарланған болатын.
Related news