Астанада II Халықаралық клоундар фестивалі өтіп жатыр

1889
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/06/img17485154229251-960x500.jpg?token=e623944c51a842e1f7b60d845d2620bf

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Қазақстан астанасында жарқын мәдени шара — II Халықаралық клоундар фестивалі өтуде. Бұл фестиваль Қазақстан, Италия, Испания, Ресей және Бельгиядан келген әртістерді біріктіріп, балаларға қуаныш пен сиқырға толы мерекелік көңіл күй сыйламақ.

Фестиваль бағдарламасы театрландырылған шеру мен гала-концерттен тұрады. Бұл іс-шара балаларға арналған мәдени ортаны дамытуға және қоғамда жағымды көңіл күй қалыптастыруға бағытталған.

Фестиваль аясында 11:00-де Нұржол бульварында түрлі елден келген әртістердің қатысуымен клоундар шеруі басталады (шеру «Бәйтерек» монументінен басталып, «Хан Шатыр» СОСО-ның қарсысындағы «Ғашықтар» саябағына дейін жалғасады).

Бағдарламада — аты аңызға айналған Мутурғановтар әулетінің, Тараз қаласының клоундарының, Санкт-Петербург қаласындағы әйгілі «Лицедеи» театрының әртістерінің, испаниялық Хуго Санчес-кіші, италиялық Дэнни мен Диво дуэтінің және Бельгиядан арнайы келген клоун Бартоның өнер көрсетулері бар.

Comments