Путин қосынына арналған "Паутина". Украина Ресейдің стратегиялық нысандарын соққылады

1287
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/05/558215e8-24fb-48f5-b90a-ac917ee6b34a-960x500.jpeg?token=c161fc29a70c32d4d5f52aad480ba4eb

1 маусым күні Украина Қауіпсіздік қызметі  "Өрмек" («Паутина») атауымен Ресейдің әскери авиациясына қарсы кең ауқымды операция жүргізгені туралы айтылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Украиналық БАҚ пен Telegram арналардың мәліметінше, операция барысында Мурман облысындағы "Оленья" және Иркутск облысындағы "Белая" аэродромдарына украин дрондары шабуыл жасаған.

Агенттік мәліметтеріне сенсек, 40-тан астам ресейлік стратегиялық бомбалаушы ұшақтарға зақым келтірілген. Олардың қатарында сирек қолданылатын әрі өндірісі тоқтаған А-50, Ту-95 және Ту-22М3 ұшақтары бар. Зиян көлемі 2 миллиард доллардан асуы мүмкін деп бағаланды.

Ресейлік тұрғындар шабуыл кезінде жарылыстар мен өртті байқағанын айтып жатыр. Telegram-арналарда жүк көлігінен дрондар ұшырылғаны, жүргізушілердің жүк мазмұны туралы хабарсыз болғаны айтылды.

"Рыбарь" арнасының дерегінше, дрондар жүк көліктерінің ішінен FPV (First Person View) жүйесі арқылы ұшырылып, спутниктік байланыс көмегімен басқарылған. Арна бұл шабуылды Ресейдің стратегиялық авиациялық қуатына келтірілген орны толмас соққы деп бағалап отыр.

Ресми органдардан бұл оқиға бойынша әзірге түсініктеме берілген жоқ. Алайда оқиға Ресейдің ішкі қауіпсіздік шараларына қатысты сұрақтар туындатуда.

Comments