1 маусым күні Алматы-2 вокзалына Қытайдан алғашқы халықаралық туристік пойыз келді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
«Сиан— Алматы» бағыты – бір кездері Ұлы Жібек жолының маңызды орталықтары болған екі тарихи қаланы байланыстырады.
Тоғыз вагоннан тұратын құрам 246 жолаушыны жеткізді. Олардың арасында кәсіпкерлер, ғалымдар, мәдениет қайраткерлері және жай ғана саяхатшылар бар. Олар алдағы бес күн ішінде Алматының мәдениетімен және тарихымен танысады.
Қонақтарды қарсы алу рәсімі салтанатты жағдайда өтті. Делегацияға ұлттық тағам ұсынылып, шағын бағдарлама көрсетілді.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ хабарлауынша, пойыз маршруты Үрімші, Қорғас, Алтынкөл арқылы өтіп, Алматыға жетеді.