“Өрмек” операциясы. НАТО Ресейдің авиациясына келтірілген шығынды растады

1190
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/06/img_2906-960x500.jpeg?token=f8731502324cca4de5a38a8d7c589bd6
Украина қауіпсіздік қызметі Ресей аумағындағы бірнеше әскери аэродромдарға дрондар арқылы ауқымды шабуыл жасады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы DW-ға сілтеп. НАТО-ның мәліметіне сәйкес, бұл – Украина тарапы жүзеге асырған ең ірі әскери операциялардың бірі болды. Брюссельде өткен брифингте НАТО-ның жоғары лауазымды өкілі бұл операция барысында Ресейдің стратегиялық маңызы бар 40-тан астам ұшағы зақымданып, олардың 10-13 бірлігі толығымен жойылғанын айтты. Атап айтқанда, Ту-95 (15 дана), Ту-22М3 (12 дана) және сирек қолданылатын А-50 ұшақтарының бірі зақымданған. НАТО деректерінше, жасалған шабуыл Ресейдің 34% стратегиялық бомбалаушы күшін істен шығарған. Бұл ұшақтар Украина аумағына 3000-нан астам қанатты зымыран ұшырған. Ал олардың негізгі нысанасы – бейбіт тұрғындар мен азаматтық инфрақұрылым болған. НАТО Бас хатшысы Марк Рютте бұл операцияны егжей-тегжейлі талқылаудан бас тартқанымен, Украина заңды әскери нысандарға соққы бергенін атап өтті. Ал сарапшылар «Өрмек» операциясын Ресейдің стратегиялық авиациясына қарсы жасалған тарихтағы ең ірі соққы деп бағалауда. Украина қауіпсіздік қызметінің мәліметінше, шабуыл нәтижесінде Ресейге келтірілген материалдық шығын 7 млрд долларды құрайды. OSINT талдаушылары спутниктік деректер мен видеожазбаларға сүйене отырып, кемінде 13 ұшақтың нақты зақымданғанын растады. Ресей қорғаныс министрлігі шабуыл фактісін мойындады. Алайда нақты шығын көлемі көрсетілмеді.
Comments