Құрбан айт қарсаңында Өзбекстан Ауғанстанға 183 тонна азық-түлік жіберді. Гуманитарлық жүк Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің тапсырмасы бойынша көрші елге жөнелтілді. Бұл туралы Сурхандария облысы әкімдігінің баспасөз қызметі жартялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Өзбек халқы атынан көрсетілген гуманитарлық көмек — көршілерге деген қолдау мен төзімділіктің (толеранттылықтың) белгісі ретінде жолданған. Жүк құрамында ұн, күріш, қант, макарон мен кондитерлік өнімдер, өсімдік майы, тез дайындалатын тағамдар, қызыл бұршақ және маш бар.
Азық-түлік Балх провинциясындағы Хайратон қаласына жеткізілді. Жүк Ауғанстан тарабына «Астерас» компаниясының аумағында тапсырылды. Салтанатты шараға Өзбекстан президентінің Ауғанстан бойынша арнайы өкілі Исматилла Иргашев, Сурхандария облысының
Ауған билігі Шавкат Мирзиёев пен көрші елдің халқына көрсетілген гуманитарлық көмек үшін алғыс айтып, Құрбан айт мерекесімен өзбекстандықтарды құттықтады.
Айта кету керек, Өзбекстан Ауғанстанға үнемі гуманитарлық көмек жіберіп отырады. Мысалы, наурыз айында Ташкент шамамен 200 тонна азық-түлік жолдаса, мамырда ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымын берген. Ал Кабул да өз кезегінде жауап қайтаруға тырысады. Сол мамыр айында Ауғанстаннан Өзбекстанға Имам Бұхари кешенінің құрылысына пайдаланылатын ақ мәрмәр тиелген 16 жүк көлігі келген болатын.