Петропавл қаласында бірнеше жасөспірімнің 14 жастағы қызды ұрып-соғып, ақша бопсалағаны туралы шулы бейнежазба тарады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Құқық қорғау органдары бұл жағдайды растап, оқиғаға қатысы бар алты қыздың тұлғасы анықталғанын мәлімдеді.
Halyqstan Telegram-арнасында жарияланған бейнежазбада алты қыз бір құрбысын кезекпен ұрып, артынан ақша талап етіп жатқаны көрінеді. Жәбірленуші қарсылық көрсетпеген. Олар қыздан «касса» немесе «тағы да соққы таңда» деп қысым жасаған.
«Егер ақша әкелмесең... Туған күніңде бәрібір саған ақша береді. Сол ақшаны 10-ы күні әкелмесең, бәріміз жабылып сені сабаймыз», – дейді қыздардың бірі.
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті оқиға 2024 жылдың 31 тамызында болғанын растады. Алайда видео 2025 жылдың маусымында кең таралып, қоғам назарын аударған.
«Петропавл қаласында тұратын 14 жастағы қызға жүйелі түрде психологиялық және физикалық қысым жасалғаны анықталды. Бейнежазбалардағы көріністер нақты дәлел ретінде тіркелді», – делінген департамент мәлімдемесінде.
2 жасөспірім мен 4 ата-анаға қатысты әкімшілік іс қозғалып, бопсалау бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Other materials
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз