Жамбыл облысында жолаушылар пойызы автобуспен соқтығысудан аман қалды

688
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/06/photo_2025-06-08_09-33-07-960x500.jpg?token=ff84ab955af3e20b3c94b83a92d76161

7 маусым күні Жамбыл облысындағы Тараз – Шу бағытына қарасты Қорғаты-Тәтті теміржол өткелінде жолаушылар пойызы автобуспен соқтығысудан сәтті түрде аман қалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы "Қазақстан темір жолы" компаниясы мәлімдеді.

Оқиға бақылаусыз, бірақ реттелетін темір жол өткелінде орын алған. Автобус темір жолға жақындап келе жатқан пойыздың алдына шығып кеткен. Алайда машинист шұғыл тежегіш қолданып, соқтығысудың алдын алды.

Автобус жүргізушісі оқиға орнынан бой тасалап кеткен. Бұл жөнінде құқық қорғау органдарына хабар берілген. КТЖ өкілдерінің айтуынша, машинист пен локомотив бригадасының кәсіби әрекетінің арқасында жолаушылар зардап шекпеген.

Ұқсас жағдай осы учаскеде бір күн бұрын да тіркелген. Тараз – Шу бағытындағы өткелде трактордан үзіліп қалған тіркемелер темір жолдың үстіне түсіп кеткен. Пойыз машинисі дер кезінде тежегіш басып, пойыз тіркемелерден небәрі екі метр жерде тоқтады. Тіркемелер шұғыл түрде жолдан шығарылып, пойыз қозғалысын жалғастырды.

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы азаматтарды темір жол өткелдерінен өту кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады. Темір жол – аса қауіпті аймақ, ал ережелерді елемеу қайғылы жағдайларға алып келуі мүмкін.

Comments