Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, прозашы, журналист, аудармашы Мақсот Ізімұлы дүниеден өтті. Бұл қайғылы хабарды әдебиеттанушы-ғалым, эссеист Мақсат Тәж-Мұрат Facebook парақшасында жеткізді, деп хабарлайды “Адырна”.
Мақсот Ізімұлы 1960 жылы 27 маусымда Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Жасқайрат (қазіргі Х.Досмұхамбетов) ауылында туған.
1983 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін тамамдаған.
Мектеп бітірген соң аудандық «Қазсельхозтехника» бірлестігінде автомобиль жөндеуші болып жұмыс істеген. Облыстық «Орал өңірі» газетінің редакциясында қызмет атқарған. «Зерде»

1998 жылы «Аяқталмайтын әңгіме», 2003 жылы «Бедеріндей кестенің» атты прозалық жинақтары жарық көрген. 2004 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырмасы бойынша шыққан «Нарық нақыштары» деген анталогияға әңгімесі енген.