Иран Израильге қатысты құпия құжаттарды қолға түсіргенін мәлімдеді

1022
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/12/15b321d5-dfa7-4b71-b551-7b9f0ca17bfe-960x500.jpeg?token=76be6b80a2c7d74865e2ec9fb6534a29

Иранның барлау министрі Эсмаил Хатиб жексенбі күні елдің Израильге қатысты стратегиялық, операциялық және ғылыми сипаттағы «құнды құжаттар мен мәліметтер топтамасын» қолға түсіргенін мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл құжаттар жақын арада жарияланатын болады. Бұл туралы ол Иранның мемлекеттік ақпарат агенттігі IRIB-ке берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды “Адырна”. 

Оның айтуынша, аталған ақпараттарды алу министрліктің «барлау саласындағы үлкен жетістігі».

Хатибтің айтуынша, бұл құжаттар Израильдің ядролық бағдарламасы, сондай-ақ АҚШ-пен, Еуропамен және басқа елдермен қарым-қатынасына қатысты маңызды мәліметтерді қамтиды. Ол кейбір барлау файлдарының Иранның шабуылдаушы әлеуетін арттыра алатынын

да атап өтті.

Құжаттардың Иранға қалай жеткізілгені жөнінде егжей-тегжейлі ақпарат беруден бас тартып, «ол әдістердің өзі құжаттар секілді маңызды әрі құпия сақталады» деді.

Министрдің айтуынша, бұл деректерді қолға түсіру үшін «күрделі, ауқымды, кешенді және ұзақ мерзімді» арнайы операция жүргізілген.

IRIB агенттігі сенбі күні жариялаған хабарламада бұл мәліметтердің қауіпсіз жеткізілуін қамтамасыз ету мақсатында белгілі бір уақытқа дейін ақпарат таратылмағаны айтылған. Сондай-ақ, алынған мәліметтердің көлемі соншалықты көп болғандықтан, оларды сараптауға бірнеше апта уақыт кеткені де атап өтілген.

Comments