9 маусымда Алматы қаласында Германиядағы Кеңес әскері тобының (ГКӘТ — ВКШӘТ) құрылғанына 80 жыл толуына арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерейтойлық шараны ГКӘТ-ВКШӘТ ардагерлері республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы қалалық филиалы ұйымдастырды. Іс-шара таңғы сағат 9:00-де 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақтағы Даңқ мемориалы жанында басталды.
Іс-шараға ҚР Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің аға офицері, полковник Дәуренбек Шегебаев, Алматы қаласы ГСВГ-ГВВД ардагерлері қоғамының филиал басшысы Құрманғазы Тастанбек, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекет және әскери қайраткері Махмұт Өтегенұлы қатысты.


Салтанатты жиын барысында ардагерлер мен қонақтар



Мерейтой құрметіне арнайы қонақтар мен ардагерлерге Германиядағы Кеңес әскері тобының құрылғанына 80 жыл толуына арналған мерекелік төсбелгілер мен Алғыс хаттар табысталды.
Бұл маңызды шара – әскери тарихқа, ардагерлердің ерен еңбегіне құрмет көрсетіп, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие берудің жарқын үлгісі болды.