Түркістан облысында 16 жастағы қызды бірнеше адам зорлап, аяусыз өлтіріп кеткен

991
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/2021_06_10_crop-7_5_494x871_c5a191ed31b0951e380af8249b045039_xl-960x500.jpg?token=2c9fd48e49cc835d4ea00648686bbb62

Түркістан облысы Төрткүл ауылында 16 жастағы қызды бірнеше адам зорлап, аяусыз өлтіріп кеткен. Бұл туралы «НеМолчиKZ» қоғамдық қоры жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Полицияның ресми ақпаратына қарасақ, бір күдікті ғана ұсталған.

«НеМолчиKZ» қоғамдық қорының жетекшісі Дина Таңсәрінің мәліметінше, күдіктілер еңбек мигранттары болуы мүмкін. Қыздың мәйіті 6 маусым күні таңертең табылған.

«Әзірге 16 жастағы қыздың отбасына тиесілі дүкенде жұмыс істегені белгілі. Ол үйіне қайтып бара жатқанда бір топ еңбек мигранттары ұстап әкетіп, зорлаған», – деп жазды қордың мүшелері. 

Осы оқиғаға қатысты Түркістан облыстық полиция департаменті пікір білдірді. Полиция мәліметінше, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

«6 маусым күні сағат 07:05-те Түркістан облысы Ордабасы ауданы Төрткүл ауылында бір қыздың мәйіті табылды. Ол — колледждің бірінші курс студенті. Күдікті ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс қозғалды. Болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық істің тергеу барысы полиция департаменті басшылығының қатаң бақылауда ұстайды», – деп жазды полиция басқармасы. 

Comments