Мемлекет Шерзат Полаттың әкесіне үй салуға көмектеседі

824
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/06/photo-output-12-960x500.jpeg?token=0c8987ae027336010bb39c4271152ec1

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігі марқұм Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовқа тұрғын үй салуға көмек беретінін мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Әкімдіктің мәліметінше, құрылысқа қажет рұқсат құжаттар дайын.

«Жергілікті атқарушы органдар тарапынан түсіндірме жұмыстарынан кейін, өтініш иесі рұқсат құжаттарын рәсімдеу үшін барлық қажетті құжаттарды тапсырды. Қазіргі уақытта барлық құжаттар толық дайындалды», – деді аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Әкімдік өкілдерінің айтуынша, құрылыс жұмыстары жақын арада басталады деп жоспарланып отыр.

«Аудан билігі құрылыс үдерісін бақылауда ұстап, өз құзыреті шегінде қажетті қолдау көрсетеді», – делінген хабарламада.

Еске салайық, былтыр 12 қазанға қараған түні марқұмның отбасының үйі өртеніп кеткен еді.

Comments