Баян-Өлгий қазақтары тапқан олжа. Моңғолиядағы күміс пайзаның өтеуі мақтау қағазы болды

1046
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/06/img_0222-960x500.jpeg?token=32d7e4ec10baab2f1e2c3aab5549e772

Моңғолияда алғаш рет күміс пайза табылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі «Монцамэ» агенттігіне сілтеме жасап.

Оны Баян-Өлгий аймағы Бұлғын ауданында тұратын Моңғолия қазақтары — А.Аңсаған, Х.Аманжол және Э.Аманбек 2024 жылдың мамыр айында тапқан.

Мәдени мұраны сақтау ісіне қосқан үлесі үшін аталған азаматтар Мәдениет, спорт, туризм және жастар істері министрлігінің арнайы мақтау қағазымен марапатталды.

Зерттеушілердің айтуынша, күміс пайзада Моңғол империясы кезеңіне, нақтырақ айтқанда, Ұлы Юань әулеті дәуіріне тән әріптермен жазылған жазу бар. Жазбада «Мәңгі көктің күшімен қағанның аты жасасын, оны құрметтемеген адасып, өледі» делінген. Сонымен қатар пайзаның дөңгелек пішінді тесігінің шетінде алты қытай иероглифі жазылған.

Тарихи жәдігерді көпшілікке таныстыру және насихаттау жұмысына «Шыңғыс хан» ұлттық мұражайы жауапты болады. Мұражай өкілдері барлық моңғол халқына мәдени құндылықтарды қорғауға белсенділікпен қатысуға үндеу тастады.

Айта кету керек, бұған дейін Ресей мен АҚШ-та осы күміс пайзаға ұқсас үш жәдігер табылған еді.

Comments