Мектептегі атыс. Австрияда үш күндік аза тұту жарияланады

499
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/06/img_0228-960x500.jpeg?token=932eb031f7a7636a512539a2c053359f

Австрияның Грац қаласындағы мектептердің бірінде болған атысқа байланысты елде үш күндік аза тұту жарияланады. Бұл туралы канцлер Кристиан Штокер айтты, деп хабарлайды  «Адырна» тілшісі.

Соңғы деректерге сүйенсек, қаза тапқандар саны 10 адамға жеткен, олардың қатарында күдікті де бар.

Атысты 21 жастағы ер адам ұйымдастырған. Ол осы мектептің бұрын буллингтен зардап шеккен оқушысы болуы мүмкін. Оқ атқан адам дәретханалардың бірінде өлі күйінде табылған. Оның ауыр қылмысқа неліктен барғаны белгісіз.

Айта кетейік, оқиға салдарынан шамамен 30 адам жарақат алған.

Comments