Ақтөбе облысында Қ.Жұбанов атындағы ауылдық округтің әкімі Ләззат Бердібаеваға қатысты әкімшілік іс тоқтатылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл туралы Ақтөбе облыстық кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында белгілі болды.
Судья Айпатша Мусина әкімшілік құқықбұзушылық құрамының болмауына байланысты істі тоқтату туралы қаулы шығарды. Ол лауазымды тұлғаның – яғни, әкімге айып таққан полиция өкілінің – құқықбұзушылықтың нақты болған орнын анықтамағанын және кінәні дәлелдейтін жеткілікті құжаттар ұсынбағанын атап өтті.
Сот отырысында Ләззат Бердібаева да өз әрекетінде құқықбұзушылық құрамы болмағанын айтып, істі тоқтатуды сұрады. Оның айтуынша, оқиға болған жер –
Сот өз бастамасымен қызғалдақтардың түрін анықтау үшін ботаникалық сараптама тағайындап, фотосуреттегі гүлдердің сирек кездесетін немесе қорғауға жататын түрге жатпайтынын анықтады.
Айта кетейік, сәуір айының соңында Ләззат Бердібаеваның қызғалдақ ұстап отырған суреті әлеуметтік желіде таралған. Осыдан кейін оған ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы, 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылған болатын. Алайда сот әкімнің кінәсі дәлелденбегенін ескеріп, істі тоқтатты.
Сот шешімінен кейін Ләззат Бердібаева шағым түсірмейтінін мәлімдеді.