Батыстағы бес баланың қазасы. Қайғылы оқиғаның болжамды себебі айтылды

948
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/06/foto.jpeg

Батыс Қазақстан облысында бір отбасындағы бес баланың өмірін қиған өртке қатысты алғашқы болжам айтылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев Сенат кулуарында мәлім етті.

Вице-министрдің айтуынша, қайғылы оқиға кезінде балалардың әкесі жұмыста болған, ал анасы дүкенге кетіп, балаларды үйге сыртынан жауып кеткен. Алдын ала болжам бойынша, өрт балалардың ойынынан шыққан.

"Алдын ала себеп – балалардың ойыны. Қазір сараптама жұмыстары аяқталуға жақын.

Тергеу жалғасып жатыр", – деді Кеген Тұрсынбаев.

Сондай-ақ ол отбасының қазан айына дейін газбен жабдықталған бұрынғы үйде тұрғанын, алайда бір ай бұрын басқа үйге көшкенін айтты.

Еске салайық, 4 мамырда Сырым ауданына қарасты Жымпиты ауылындағы жеке тұрғын үйден өрт шығып, 1 жастан 6 жасқа дейінгі бес бала көз жұмған болатын. Қайғылы жағдайдан кейін облыстық полиция департаменті қылмыстық іс қозғады.

Comments