«Ay Yola» тобы Маңғыстауда бейнебаян түсірді

802
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/06/photo-output-15.jpeg

Башқұрттың «Ay Yola» тобы Маңғыстауда бейнебаян түсірді. Бұл туралы өңірлік Қоғамдық коммуникациялар орталығы айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Бейнебаян түсіру жұмыстары Бозжыра, Қызылкүп, Боқты, Торыштың жерінде өткен.

«Ay Yola» тобы өңір туризмін дамыту үшін Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың шақыртуымен арнайы келді. Топ мүшелерінің айтуынша, Маңғыстау жерінде «Yola» әніне түсірілген бейнебаян 13 маусым күні жарыққа шығады»,–делінген хабарламада.

Өнерпаздар аталған әнге бейнебаян түсіруді Қазақстанмен шектеліп қалмай, Өзбекстан, Якутия, Башқұртстанда да түсірген.

Айта кетсек, башқұрттың «Ay Yola» тобы көпшілікке «Homay» әнімен танылған болатын.

Comments