Қазақстанда салынатын алғашқы атом электр станциясын (АЭС) тұрғызу бойынша халықаралық консорциумның көшбасшысы анықталды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ҚазАқпаратқа сілтеп.
ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігі жүргізген кешенді бағалау нәтижесінде ресейлік “Росатом” компаниясы ең тиімді серіктес ретінде танылды. Жобаның бастапқы кезеңінде әлемнің жетекші төрт компаниясы – “Росатом” (Ресей), “China National Nuclear Corporation” (Қытай), “Électricité de France” (Франция) және “Korea Hydro & Nuclear Power” (Оңтүстік Корея) – қысқа тізімге іріктеліп, Қазақстанда АЭС салуға қатысты техникалық және коммерциялық ұсыныстарын ұсынған.
Ұсыныстарда құрылыстың болжамды құны, жобаны іске асыру мерзімдері, қаржыландыру модельдері, жергіліктендіру тәсілдері, кадр даярлау мен ғылыми әлеуетті дамыту жолдары, ядролық отын цикліндегі ықпалдастық мүмкіндіктері және әлеуметтік
Бағалау нәтижесінде бірінші орын “Росатом” компаниясына берілсе, екінші орынға Қытайдың “China National Nuclear Corporation” компаниясы жайғасты. Франция мен Оңтүстік Корея компаниялары үшінші орыннан көрінді. Қазіргі таңда “Росатом” ұсынған жобалық шешімдер негізінде Ресей тарапынан мемлекеттік экспорттық қаржыландыру тарту мәселесі қарастырылып жатыр. ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігі алғашқы атом электр станциясының құрылысын жүзеге асыруға арналған халықаралық консорциумды қалыптастыру бойынша шетелдік әріптестерімен жұмысты жалғастыруда.