Сириядағы «Бейбітшілік көзі» түрік әскери операциясының себептері мен мақсаттары, сондай-ақ жаһандық күн тәртібіндегі түркі әлемінің болашағы туралы саясаттанушы, Түркия Республикасы басшылығының жанындағы ASSAM стратегиялық орталығының директорлар кеңесінің мүшесі, отставкадағы подполковник Халил Мерт эксклюзивті сұхбатында айтып берді.
АҚШ-тағы кейбір топтар бүкіл әлемнің көз алдында КЖП террористік ұйымын қару-жарақпен қамтамасыз етіп, қолдауда. Американдық, ағылшындық, израильдік, неміс және француздық армия офицерлері Сирия күрд партиясының «PYD» әскери қанатының содырларына әскери жаттығулар өткізді. Алайда бұл ұйым күрдтер емес және аймақ халқына жат саяси мүдделерге қызмет етеді. Оның әскери операциялары нәтижесінде, ең алдымен, бейбіт тұрғындар, жазықсыз әйелдер мен балалар өлуде.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және Сириядан келген түрік азаматтарының өмірі мен мүліктеріне қауіп төндірмеу үшін президент Ердоған түрік қарулы күштерінің басшысы ретінде PYD әрекеттеріне реакция жасауға мәжбүр болды.
Қазіргі кездегі «Бейбітшілік көзі» – Түркияның Сириядағы қақтығысқа үшінші араласуы болып табылады және аймақта орналасқан армиялардың әскери қолбасшылығы үшін «тосынсый» емес. Біріншісі Эль-Бабты террористерден азат етудің шарықтау шегіне жеткен ДАИШке (Қазақстанда тыйым салынған халықаралық террористік ұйым) қарсы «Евфрат қалқаны» операциясы, екіншісі – Африндегі PYD содырларын тазартқан «Зәйтүн бұтағы» операциясы. Бүгінде бұл территориялар бейбіт өмір қалпына келтірілді, өйткені олар толығымен бітімгершілік операциялары болды. Енді мақсат бірдей – ені 32 шақырым және Түркия шекарасынан 120 шақырым тереңдікте шекаралық қауіпсіздік аймағын құру. Президент Ердоған бір жарым жылдан астам уақыт бұрын Манбиж, Кобани, Тел Абяд, Рас аль-Айн және Эль-Камышлы арқылы өтетін террористік дәлізді жою туралы тапсырмасы да осымен үйлесім табады.
– Батыс ақпарат құралдарында Түркия күрдтермен нақты соғыс жүргізіп жатыр деген пікірлер жиі айтылады. Сіз бұған қандай түсінік бере аласыз, егер мұндай соғыс болса, онда оның мақсаты қандай?
Күрдтер біздің бауырлас мұсылман халқымыз. Түркияда күрдтер тәуелсіз және қорғалған. Олар барлық түркі елдерінде тұрады, түркі әлемінде оларға «екінші дәрежелі» азаматтар ретінде ешкім қарамайды. Олар президенттер де, саясаткерлер де, армия командирлері де бола алады. Стамбул – әлемдегі халқы күрдері ең көп қала.
Тағы бір нәрсе – нақты мақсаттармен құрылған террористік ұйымдар. Егер елде мұндай ұйымға қолдау көрсетілмесе, ол сыртқы қолдаусыз өмір сүре ала ма? Қазақстан мұның айқын мысалы болып табылады, және сіздің елде мұндай ұйымдардың болмауы оның ішкі тұрақтылық пен сыртқы мүдделер тепе-теңдігін сақтаудағы оның басшылығының сөзсіз еңбегі болып табылады.
Тарих толқынында империалистік мемлекеттер мен олардың арнайы қызметтері жас немесе қалыптасқан мемлекеттерді әлсіретуге, азаматтарды бір-біріне қарсы қоюға, оларды жауға айналдыруға, тіпті азаматтық соғыстың басталуына бағытталған дұшпандық террористік ұйымдарды құрып, оларға қолдау көрсеткені белгілі. Бұл Таяу Шығыста және басқа да ислам елдерінде ерекше байқалды. Осылайша, олар аймақтың бай мұнай ресурстарын өз компанияларымен бірге пайдаланады.
– Неліктен «Бейбітшілік көзі» операциясы көрші мемлекеттің аумағына әскер жіберу арқылы жүзеге асырылады – басқаша айтқанда, ол азаматтық соғыс салдарынан қақ бөлінген Сирияда аумағын басып алуды мақсат етпей ме? Түркияны Сирия жанжалына тартудың гуманитарлық аспектілері қандай?
Сирия, сонымен қатар Таяу Шығыстың, Солтүстік Африканың, Кавказдың және Балқан аймағының көпшілігі Түркияның мәдени және өркениет мұрасымен байытылған. Түркия Османлы империясының тарихи иеліктерінде өмір сүретін барлық ұлттармен туыстық қатынаста. Онда миллиондаған түрік және мұсылман отбасылары тұрады. Олардың болашағының кепілі – тәуелсіз түркі мемлекеттері. Сондықтан көптеген мұсылмандар, тіпті, Африка мұсылмандары да Қазақстан, Түркия және басқа да түркі мемлекеттері үшін дұға етеді.
Түркия бұл территорияны жаулап алушы емес және мұндай міндеттер жүктемейді. Империалистік Франциядан тәуелсіз болғаннан кейін Сирияны патша басқарды, содан кейін диктатор Хафез Асадтың қысымымен оның ұлы Башар Асад басқарды. Жаңа ғасырда оның тұрғындары көтеріліске шықты – азамат соғысы басталды.
Алайда Түркия өз шекараларында тұрақтылықты қалайды. Түркия аймақтағы үлкен және күшті ел, ол өз тұрғындарына жат империалистік мүдделердің араласуына жол бермейді.
Гуманитарлық мәселелерге келетін болсақ, қазіргі уақытта Түркияның рөлін асыра бағалау қиын. Бес миллионнан астам сириялық Түркияда пана тапты. Түркия бұл адамдарды сегіз жыл бойы қамтамасыз етіп, балаларына білім беруде, тегін медициналық көмек көрсетуде.
– Түркияның Сириядағы әскери операциясын дипломатиялық тұрғыда кім қолдайды, әлемде оған оң реакция бар ма?
Әдеттегідей тәуелсіз түркі елдері бізге саяси қолдау көрсетеді. Олармен бірге Пәкістандағы ағайындарымыз бар, олар бір елдің және бір халықтың саналы түрдегі отарлық бөлінуінің зардаптарын аман алып қалды. Еуропадағы біздің қолдаушыларымыздың ішінде тұрғындары өздерін қыпшақтар деп атайтын тағы бір ел – Венгрия. Еуропа елдерінің Түркияға қарсы санкцияларына қарсы жалғыз ол бізге үлкен саяси қолдау көрсетті. Ресей Түркияға қатысты қабылдануы керек БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдеріне вето қойды.
– Халықаралық жағдайдың қазіргі даму жағдайында да, сондай-ақ Қазақстан-Түркия ынтымақтастығын кеңейту перспективасында оқырмандар назарын қай тұстарға аударғыңыз келеді?
Түркия тәуелсіз, күшті, заманауи және үлкен армиямен өзінің қару-жарағын шығаратын ел екенін атап өткім келеді. Бізде АҚШ, Еуропа елдері, Израильдің аймақтағы ойындарына төтеп беруге күшіміз бен саяси ерік-жігеріміз бар.
Алайда, қазақстандық оқырмандарға үндеу жасай отырып, мен біздің халықтарымыздың тағдыры бір екенін айтқым келеді. Барлық түркі мемлекеттері және аймақтағы басқа ислам елдері бірігіп әрекет етуі керек. Еуропа мен оның элиталары отаршылдық пен құлдық принциптерін сіңіре отырып өсті. Біз оларға біздің жерлерімізді пайдалануға жол бере алмаймыз. Бір жағынан олар біздің мұнайымыз бен шикізатымызды алады, екінші жағынан олар бізге нарықтар ашады және сол арқылы біздің ақшаларымыз өз елдеріне кетеді. Біз өз өндірісімізді құруымыз керек. Біз әлемде брендке айналатын бірлескен компаниялар мен өнімдерді құруымыз керек. Бізде жоғары технологиялар болуы керек.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев түркі әлемінің дамуына және біздің жаһандық деңгейде бірге жүруіміз керек екенін түсінуге қомақты үлес қосты. Каспийдің шығысындағы түркі әлемінің қуат орталығы – бұл Қазақстан және Қазақстан әлемнің осы бөлігінің батыс жағындағы Түркия сияқты күшті мемлекет бола ма, бұл қазақстандықтардың өздеріне байланысты.
Сұхбаттасқан: Сәуле Смағұлова