Шымкент: Жалдамалы пәтерден әйел адамның мәйіті табылды

1851
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/02/43e4537a-f50c-4c10-be0e-31adfe9c3551-960x500.jpeg?token=011729e0da29472577983ee460635594
25 ақпанда Шымкенттегі жалдамалы пәтерлердің бірінен әйел адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды жергілікті Otyrar.kzбасылымы. 
Құқық қорғау органына 1991 жылы туған жігіт 25 ақпан күні сағат 21:30 шамасында пәтердегі әйелдің мәйіті туралы хабарлаған. Марқұм шамамен 35-40 жаста.
"Ресми емес дерекке сүйенсек, полицияны шақырған ер адам пәтерде марқұммен бірге болған және ол әйелді буындырып өлтірген болуы мүмкін", – делінген ақпаратта.
Қазіргі кезде аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізілуде.
Comments