Серуенге шыққан әйелді зорламақ болған ер адам ұсталды

2623
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/03/371f4e84-936c-4b35-bfa4-659c8c4fb3d2.jpeg
Ақмола облысында әйел зорламақ болған ер адам ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.   13 наурызда Көкшетау полиция басқармасының кезекші бөліміне қала тұрғынынан шамамен түнгі сағат 3-те белгісіз біреудің үйінің кіреберісінде күштеп киімін шешіп, зорлауға әрекеттенгені туралы арыз келіп түсті. Жәбірленуші ұйқысыздық салдарынан түнде серуендеуге шыққаны белгілі болды. Әйел көршілерінің көмегімен қылмыскердің құрығынан құтылған. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер бейнебақылау камераларының көмегімен күдіктіні анықтады. Ол бұрын сотталған Бурабай ауданының 26 жастағы тұрғыны болып шықты.  
Comments