Жыныс па, жын іс пе? Маскамен бітеп тынысты, Істетті үйден жұмысты, Ауыстырмақ енді кеп, Құдай берген жынысты! Мұны естіп арқам құрысты, Ойы бұл кімнің жымысқы? Қазаққа шетел дәстүрі, Болсын дей ме екен жұғысты?! Сыйламай Ұлы ұлысты, Кім бастады екен бұл істі? Құтылмай жатып ковидтен, Бұл іске неге кірісті?! Дұрыс деу керек дұрысты Бұрыс деу керек бұрысты, Оттамау керек әркім бір, Тыныш екен деп қыр үсті! Есеппен әркім бір ішкі, Білгенін бүгін қылысты. Алғандай бөліп байлықты, Көп келімсек қыл үсті. Естиміз небір сыбысты, Қаламаса да ұрысты, Ұмытқан жоқ әлі бұл қазақ, Исатайдан қалған қылышты! Өзгертемін деп жынысты, Цойдың да бүгін жыны ұшты. Сол жынмен бірге Цойың да, Босату керек жұмысты! P.S. Дәстүрге болам жылда жақ, Өтпесе сөзің - бұл да азап! Денсаулығын елдің ойлайтын, Табылмай қалды-ау бір Қазақ! Абдрахман БЕЛҒОЖАЕВ.
Фото ашық дереккөзден алынды.
"People who live in the village are not needed": The governor of Zhambyl district expressed his opinion about the people of the village