Украина НАТО-ға кірсе Харьковтан немесе Днепрден Мәскеуге зымырандардың ұшу уақыты 7-10 минутқа дейін қысқарады. Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин айтты. Путиннің ойынша бұл Ресей үшін аса қауіпті.
Ол Украинаның НАТО құрамына енуі туралы келіссөздерді «әңгіме-дүкен» деп санамайтынын баса айтты. Ресей президентінің ойынша Украина халқының тең жартысы НАТО құрамына енуді ойламайды. Оларды Путин "ақылды адамдар" деп санайды.
Сонымен қатар, Путин Украинаның НАТО құрамына енуіне қатысты Киев пен Батыс арасындағы
The Kazakh judoka who was named "Miss Europe" explained why she bit her opponent during the competition
People of Kazakhstan: We are against the construction of a nuclear power station by Uzbekistan on the border
келісімдер туралы Мәскеу хабардар емес екенін атап өтті. Ол Батыстық серіктестер тіпті Ресеймен жақсы қарым-қатынас кезеңінде де НАТО-ны кеңейту мәселесінде Мәскеумен ақылдаспағанын жеткізді.
Бұған дейін АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Украинаның НАТО-ға кіру мүмкіндігі туралы пікір білдірген. Оның айтуынша, Киевте елді одаққа бастайтын жолмен жүру үшін барлық қажетті құралдар бар. Блинкен Украинаның әрекетін «болашақ мүшелікке дайындық» деп бағалаған еді.
Related news


"Адырна" ұлттық порталы