АҚШ-тың "USS Ross" зымыран жойғыш кемесі бүгін Қара теңізге бет алды. Бұл туралы Киевтегі Америка елшілігінің баспасөз қызметі Twitter-де хабарлады.
"USS Ross" американдық зымыран жойғыш кемесі Қара теңізге "Sea Breeze-2021" атты әскери оқу жаттығуларын өткізбекші. Бұл әскери оқу жаттығуларына әлемнің 30-дан астам елі қатысайын деп жатыр делінген хабарламада.
АҚШ әскери-теңіз күштерінің алтыншы флоты жыл сайынғы "Sea Breeze-2021" әскери оқу жаттығуларына Украинаның әскери-теңіз күштерін де тартатынын ресми түрде жариялады. Sea Breeze-2021 әскери оқу жаттығуларына 5 мың әскери қызметші және 32 елден 32 соғыс кемесі қатысады.
Оқу-жаттығу 28 маусым мен 10 шілде аралығында Қара теңізде өтеді.
Бекболат ҚАРЖАН,
"Адырна" ұлттық порталы
Related news
There is no information about the participation of citizens of Kazakhstan in the war in Ukraine - MFA
