Польшада қазақстандық жасөспірімді өлтірген күдіктінің ісі сотқа жіберілді

2809
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/07/31e4f1c6-cd59-4767-816f-9da7c49ccd7a.jpeg
Польшада қазақстандық жасөспірімді өлтірген күдіктінің ісі сотқа жіберілді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Dziennik Wschodni-ге сілтеме жасап.
"Люблин аудандық прокуратурасы сотқа айыптау қорытындысын берді", - делінген хабарламада.
Негізгі айыпталушының 52 жастағы зейнетке шыққан полиция қызметкері және аңшы екендігі анықталды. Ол Ополе-Люблинск әскери құрамында қызмет етіп жүргенде аңшы мылтығын қолдануға рұқсат алған. Еске сала кетейік, қайғылы оқиға өткен жылдың 1 қарашасында Клучковицадағы интернат маңында студенттер білім беру мекемесінен 200 метрдей жерде орналасқан мектеп бақшасында болған еді. Отставкадағы полицей жабайы қабанды атып жатқанына сенімді болған.

«Адырна» ұлттық порталы

Comments